Көкшетауда тұрғын үй құрылысына бөлінген 211 млн теңге жымқырылған

230

Күдікті қамауға алынды.

Көкшетауда тұрғын үй құрылысына бөлінген 211 млн теңге жымқырылған Фото: Bannafarsai_Stock/shutterstock

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы құрылыс жобаларын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеру жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

2021 жылғы желтоқсанда Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі ММ мен "Айдана-ИК" ЖШС арасында әлеуметтік осал топтарға арналған көппәтерлі тұрғын үйлер салу жөнінде 1 млрд теңгеден асатын сомаға келісімшарт жасалған.

Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша жалған шарттарды ұсынған.

Кейін тапсырыс беруші тарапынан ЖШС-не  211 млн теңге көлемде қаражат аударған. Алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған.

Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген.

Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылуға жұмсалған.

Күдікті қамауға алынды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу