Көкшетауда тұрғын үйдің ауласындағы көлік өртеніп кетті

526

Полиция қылмыс жасаған адамды іздеп жатыр. 

Көкшетауда тұрғын үйдің ауласындағы көлік өртеніп кетті Фото: 716.kz

Көкшетауда тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы көлік отқа оранды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, белгісіз біреу қаладағы "Сыр сұлуы” тұрғын үй кешенінің алдында тұрған көлікті өртеп жіберген.

Қалалық полиция басқармасының “Nissan patrol” көлігінің өртену дерегі бойынша ҚР ҚК 202-бабының 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

“Қылмыстық іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Бүгінде күдіктіні анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр”, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу