Ересектердің қарауынсыз қалған 4 жасар бала пәтер ішінде қамалып қалды.
"Құтқарушылар үш тізелі баспалдақтың көмегімен екінші қабаттағы пәтердің терезесіне кіріп, баланы ата-анасына аман-есен берді. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекке мұқтаж емес", – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.
ТЖМ мамандары балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу