Көкшетау қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері пәтер ішінде қалып қойған ер адамды құтқарды.
Бүгін тұрғындардан 1988 жылы туған ер адам ұзақ уақыт бойы пәтер есігін ашпай, байланысқа шықпай жатқандығы туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы мен полиция қызметкерлері жетті. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерге кіріп, есікті ашты.
Құтқарылғаннан кейін ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу