Көкшетау қаласында қаты желдің салдарынан бірнеше ғимарат пен нысан бүлінді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Әкімдіктің мәліметінше, бүгін соққан қатты желден Көкшетау қаласында 4 тұрғын үйдің шатырына (оның 2-і әкімшілік ғимарат), 10 аялдама павильонына және 4 жарнама нысанына зақым келген.
"Көкшетау қаласының Шевченко, Темірбеков, Әуезов көшелері, Бармашино ауданы және Көз орталығы шаршы аумағындағы электр таратқыш желілерге зақым келді. Қазіргі кезде қалалық электр желісінің 25 адам және 8 техникадан тұратын бригадасы электрмен жабдықтау жүйесін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде", – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ведомстводан атап өткендей, қалалық коммуналдық қызметтер, Көкшетау ТЖБ қызметкерлері табиғат апатының зардаптарын жоюға кірісті. Бұған қалалық қызметтерден 181 адам, 8 арнайы техника, Көкшетау қалалық ТЖБ жеке құрамынан 20 адам және 3 арнайы техника жұмылдырылып отыр.