Көкшетауда ұрланған көлік бейнекамера көмегімен табылды

133

Бейнекамералар арқылы ұрының қозғалыс бағыты анықталған.  

Көкшетауда ұрланған көлік бейнекамера көмегімен табылды Фото: polisia.kz

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 14 сәуір күні болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Белгісіз тұлғалар жеке тұрғын үйдің ауласындағы ВАЗ-2114  автокөлігін ұрлап кеткен. Көлік иесі – егде жастағы азамат. Көлігінің орнында жоқ екенін байқаған ол дереу полицияға хабарласқан.

Хабарлама түскеннен кейін тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Ұрланған көліктің бағыт-бағдары анықталып, тиісті ақпарат барлық патрульдік экипаждарға жолданды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оқиға болған аумақтағы және күдіктілердің ықтимал қозғалыс бағыттарындағы бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият зерделеді. Үйлесімді әрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде автокөліктің шамамен жүрген бағыты нақтыланды.

Жедел шаралар барысында Көкшетау қаласының бір тұрғыны анықталып, оның оқиғаға қатысы тексерілуде. Ұрланған автокөлік тәркіленді.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу