Көкшетауда үш мектепке "мина қойылды"

542

Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш заттар табылмады.  

Көкшетауда үш мектепке "мина қойылды" Фото: 716.kz

Қалалық полиция басқармасына үш оқу мекемесіне жарылғыш зат қойылғаны жөнінде жалған ақпарат түсті, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қаскөйлер облыс орталығындағы №2, №5 және №6 мектептерге "мина қойған".

Бұл мектептерге тексеріс жүргізген мамандар мен кинологтар жарылғыш құрылғыларды анықтамады. Бүгінгі таңда қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Олардың қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданбақ.

Еске салайық,  осыған дейін терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама таратудың салдары туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу