Көкшетауда жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

815

Полиция төтенше жағдай кезінде тәртіп бұзғандар ҚР ҚК 54-бабы 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылатынын ескертеді.  

Көкшетауда жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Көкшетауда полицияға Тайландтан келгенін және ол жерде Ухань тұрғындарымен кездескенін айтқан мас әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қыметі.

"17 наурызда жедел жәрдемге қоңырау соққан әйел жақында Тайландта демалыста болғанын, онда Қытайдың Ухань қаласының тұрғындарымен кездескенін айтқан. Әйелді тексеру кезінде одан коронавирус инфекциясының белгілері табылмады. Ол телефон соққан кезде масаң күйде болған", - деді полиция департаменті.

Сондай-ақ, 31 жастағы әйелдің Қазақстан Республикасы аумағынан ешқайда шықпағаны да анықтады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу