Көкшетауда жалғызбасты ананы қаққан әйелдің күйеуі де жауапқа тартылуы мүмкін

389

Осыған дейін Көкшетауда жалғызбасты ананы көлігімен басып кеткен әйел 2 жыл 6 айға сотталғанын жазғанбыз.  

Көкшетауда жалғызбасты ананы қаққан әйелдің күйеуі де жауапқа тартылуы мүмкін Фото: Бейнежазбадан

Енді бұл іс бойынша көлік иесіне қатысты бөлек іс қозғалып, оның жауапкершілігі мәселесі қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жергілікті соттың мәліметінше, әйел 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Екі кішкентай баласының болуына байланысты жазаны өтеу 3 жылға кейінге қалдырылды.

"Айыпталушы әйел жүргізуші куәлігі болмағанына қарамастан, жұбайының денсаулығының күрт нашарлауына байланысты әрі оның рұқсатымен көлік тізгініне отырғанын түсіндірді. Көлік иесі тарапынан көлікті басқару құқығы жоқ адамға басқаруға рұқсат беру фактісі бойынша қылмыстық іс жеке өндіріске бөлінді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу