Ұзындығы 1,7 км Жағалау көшесінің жаңа учаскесі Кенесары көшесін Қан орталығына бұрылыспен жалғайды. Бүгінгі таңда негізгі жұмыстар аяқталды: екі жақты жарықтандыру орнатылды, тротуарлар мен велосипед жолдары, бағдаршамдар мен су бұру науалары жабдықталды. Жол магистралі қаланың екі ауданы арасындағы қашықтықты едәуір қысқартады және облыс орталығының негізгі көшелеріндегі трафикті жеңілдетеді. Айта кетейік, жаңа жол небәрі үш айда салынған.
Мердігер ұйым су бұру науаларын төсеу, тротуарларды, жарықтандыру тіректерін, бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер қоршауларын орнату, сондай-ақ ӘЖ-110 кВ электр беру желілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізді.
Шағын аудан тұрғыны Анастасия Асенова өз әсерімен бөлісті.
"Енді үйге жету әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы болады. Облыс пен қала басшылығына бізге осындай жағдай жасап, қамқорлық танытқаны үшін алғыс айтамыз", – деді қала белсендісі.