Көкшетауда жанармай тасымалдайтын 2 автоцистерна өртенді. Салдарынан жанармай құю бекетінің операторы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.
Ақмола облыстық ТЖД дерегінше, оқиға 16 ақпан күні қаланың Солтүстік индустриялық аймағындағы Qazaqoil аумағында болған.
"Жанармай таситын 2 цистерна өртенді. Өрт сағат 11.05-те оқшауланып, 20 минут ішінде толық жойылды. Өрт аумағы 35 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан жанармай құю бекетінің операторы 1988 жылы туған ер адам қаза тапты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу