Көкшетау қаласының прокуратурасы "Өз үйіңді сал" жобасы жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Көкшетау қаласында ЖТҮҚ үшін жер телімін алуға 12 000 астам азамат кезекте тұр.
Жобаның мақсаты – 2004 жылдан бастап кезекте тұрған тұрғындарға ЖТҮҚ (жекеменшік тұрғын үй құрылысы) үшін жер учаскелерін беру және кезекті 5000 азаматқа азайту.
Қаланың жер қорында Станционный кентінде 2 291, Бірлік шағын ауданында – 161, Сарыарқа шағын ауданында – 661, Қызыл жар ауылы мен Нұрлыкөш кентінің арасында 130 жер учаскесі бар.
Инженерлік желілерді қамтамасыз ету бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Жер телімдері қала маңынан ғана берілетін болады.
Қазіргі уақытта жоба шеңберінде кезекте тұрған азаматтарға 300 астам жер учаскелері берілді.