banner

Көкшетауда жоғалған жасөспірім елордадан табылды

640

16 жастағы Лейла Тойбазар 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді.

Көкшетауда жоғалған жасөспірім елордадан табылды Фото: baq.kz

Көкшетауда жоғалған 16 жастағы қыз Астанада жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 жастағы Лейла Тойбазар биылғы 4 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған еді. Оны іздеуге Көкшетау қаласы полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер жұмылдырылды.

Нәтижесінде Ақмола облыстық Полиция департаменті мен Астана қаласы, Сарыарқа аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімнің жүрген жерін анықтады.

"7 сәуір күні жоғалған қызды елордалық тәртіп сақшылары Астана қаласындағы мекемелердің бірінде байқап, ақмолалық әріптестеріне хабарлады. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған қыздың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деді ведомстводан.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу