Көкшетауда жолақы қымбаттады

791

Көкшетауда жолақы қымбаттады

Көкшетауда қоғамдық көлікте жолақы қымбаттады, деп хабарлайды abctv.kz.

Көкшетауда  2014 жылдан бері ересектерге 60 теңге, балаларға 30 теңге болып белгіленген жолақы бүгіннен бастап ересектерге 80 теңге, балаларға 40 теңге болып қымбаттады.

Тасымалдаушы компаниялар автопарк шығындарының шамадан тыс көбейіп кетуінен қала әкімдігіне жолақыны көтеру туралы ұсыныс жасаған еді. Қалалық мәслихаттың сессиясында бұл мәселе талқыланып, тарифті көтеру қолдау тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу