Көкшетаудағы туберкулезге қарсы диспансерде Степногорск қаласының 24 жастағы тұрғыны қаза болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүктілігінің бес айында әйел туберкулезбен ауырғанымен, ұзақ уақыт тексерілмеген. Қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Бірақ туыстары келген соң емделуден бас тартып, қолхат жазып үйіне кеткен.
Екі күннен кейін науқас ауыр халде оралды, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу