Көкшетауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйде көлік тізгіндеген

361

Оған қатысты сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. 

Көкшетауда жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйде көлік тізгіндеген Фото: Inbusiness.kz

Көкшетауда жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны мас күйде көлікті айдаған, деп жазады inbusiness.kz 716.kz порталына сілтеме жасап.

Ресурстың жазуынша, биылғы 16 қазанда сағат 04.00-де патрульдік полиция қызметкерлері аулалардың бірінде "Mercedes-Benz" автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру барысында полицейлер Жақсы ауданының Моховое ауылының 25 жастағы тұрғыны былтыр сот шешімі бойынша 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады.

"Медициналық куәландыруға сәйкес ер адам орташа дәрежеде мас халде екені анықталды. Бұл дерек бойынша ер адамға қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды", - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері облыс аумағында көлік құралын алкогольдік күйде басқарғаны үшін (ҚР ӘҚБтК 608-бабы) 1582 адам жауапкершілікке тартылған.

Бұдан бөлек полицейлер көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, көлікті масаң күйде басқарудың 81 фактісін анықтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу