Көкшетау қаласының Васильковский шағын ауданында ыстық су құбыры жарылып, үш адам қайтыс болды.
Оқиға қаңтардың 1-нен 2-сіне қараған түні орын алған. Көп қабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтердің батареясы жарылған.
"Полиция келгенде үш адамның мәйіті табылды. Олар тұрғындардың қатты будан тұншығып, денелерін күйік шалғанан қайтыс болғанын растады", – дейді оқиға болған үйдің тұрғындары.
Олардың айтуынша, техникалық қызмет көрсетуші компания барлығы анықталған соң ғана келген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу