Көкшетауда жылына 60 млн кірпіш өндіретін кәсіпорын іске қосылады

307

Көкшетауда ірі кірпіш зауытының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көкшетауда жылына 60 млн кірпіш өндіретін кәсіпорын іске қосылады Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Кәсіпорын жылына 60 млн данаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Жобаны толық іске қосу 2027 жылға жоспарланған. Нәтижесінде 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов зауыттың құрылыс алаңына барып, жұмыстың барысымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау және әрлеу жұмыстарының 95 пайызы орындалған. Аумақты абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Кәсіпорынның техникалық ашылуы жыл соңына жоспарланған. Ал келесі жылы зауыт толық өндірістік қуатына шығады деп күтілуде.


Зауытта шығарылатын кірпіштің негізгі тұтынушысы Қазақстан нарығы болмақ.

Өңір басшысы құрылыс қарқынының өсуіне байланысты отандық құрылыс материалдарын өндірудің маңызын атап өтті. Оның айтуынша, облыста "Халықтық құрылыс" бағдарламасы аясында бірқатар нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында Қазақ музыкалық-драма театры мен стадион бар.

"Мұндай ірі жобалар құрылыс материалдарының едәуір көлемін қажет етеді. Сондықтан кірпіш зауыты сияқты кәсіпорындардың іске қосылуы стратегиялық маңызға ие. Бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді", – деді Марат Ахметжанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу