Көкшетаудағы көлік құрастыру зауытында 11 мыңнан астам техника шығарылған

1075

Көкшетаудағы көлік құрастыру зауытында 11 мыңнан астам техника шығарылған

Ақмола облысында көлік құрастыру саласы қарқын алып келеді. 2005 жылдан бері Көкшетауда "КамАЗ" жүк көліктері шығарылатын болса, өткен күзде жаңа трактор зауыты іске қосылды, деп хабарлайды 24Хабар.

Кәсіпорында бүгінге дейін 11 мыңнан аса техника құрастырылды. Ал мұндағы отандық үлес 30%-ға жеткен.

11 жылдың ішінде бұл зауыттан 11 мыңнан астам техника шығарылған. Ал, дәл қазір 11 мың 300-ші "КамАЗ-дың" қозғалтқышы жиналып жатыр.

Зауыт – Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобасы. Мұнда әр екі сағат сайын бір көлік құрастырылады. Осылайша конвейерден күніне кем дегенде 4-5 техника шығады. Бүгінде бұл техникалар еліміздің халық шаруашылығы мен күш құрылымдарының игіліне жұмсалып жүр. Ал, қазір өндіріс ошағында оларды құрастырумен 200-ге жуық адам айналысады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу