Көкшетаудағы мектептерде ішімдікке салынған күзетшілер жұмыс істеген

538

Олардың кейбірі наркологиялық диспансерлік есепке алынған.  

Көкшетаудағы мектептерде ішімдікке салынған күзетшілер жұмыс істеген Фото: kstnews.kz

Көкшетау қаласының прокуратурасы Ақмола облысының полиция департаментімен бірлесіп, мектептерге өз қызметін көрсететін жеке ұйымдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тексеру барысында "Алкогольді тұтынудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылыстары, тәуелділік синдромы" диагнозымен наркологиялық диспансерлік есепте тұрған күзетшілер анықталды.

"Күзетшілердің өздеріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі бөлігінде басқа да бұзушылықтар, сондай-ақ оларды күзетші ретінде еңбек қызметін іске асыруға тыйым салатын баптар бойынша бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері анықталды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Тексеру нәтижелері бойынша Көкшетау қаласының прокуратурасы уәкілетті органға кінәлілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тарту және қызметкерлерді мектептерді қорғаудан шеттету мақсатында заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу