Көкшетаудағы сауда үйіне жарты миллион теңгеден астам айыппұл салынды

806

Бұл туралы ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көкшетаудағы сауда үйіне жарты миллион теңгеден астам айыппұл салынды Фото: yandex

Көкшетаудағы "YaSons" сауда үйіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz. 

"Тексеру барысында 249 бірлік мотор майлары Кеден одағының Техникалық регламентінің 4.4 тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды. Яғни, Кеден одағына мүше мемлекеттің ресми және мемлекеттік тілінде жазылу принципі сақталмаған. Заңбұзушылық келесі мотор майларының маркаларында анықталды: HyundaiXTeerGearOil-4 80W90 1L, өндіруші: Корея; HyundaiXTeerGearOil-5 80W90 1L, өндіруші: Корея; KIXXG1 5W40,1 L, өндіруші: GSCaltexCorp, GSTower 508, Nonheyon-ro, Сеул, Корея", - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, жоғарыда аталған сәйкессіздік "Техникалық реттеу туралы" Заң бұзушылыққа жатады.  

"Кәсіпкерлік субъектісіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, 534 750 теңге айыппұл түрінде әкімшілік айыппұл салынды. Талаптың толық сомасы төленді. Басқарма қызметкерлерімен "Техникалық реттеу туралы" Заңының және кеден одағының техникалық регламентінің талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады комитет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу