Көкшетаудағы су тасқынымен күресуге жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатыр

Көкшетау қаласында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр,  деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көкшетаудағы су тасқынымен күресуге жамбылдық құтқарушылар көмектесіп жатыр Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде облыс орталығында 47 мың текше су сорылды. Бұл жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдардан мен Жамбыл облысы ТЖД барлығы 304 адам, 87 бірлік техника және 16 мотопомпа жұмылдырылған.

"Су тасқынына қарсы штаб құрылғаннан бері қолданыстағы 2 443 метр бөгет нығайтылып, 2 943 метр жаңа бөгет тұрғызылды. Қазіргі уақытта Көкшетау қаласының эвакуациялық пунктінде 29 адам бар, оның 11-і бала", - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Көкшетауда құтқару жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу