"Түрлі дене жарақатын алды": Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар төбелесі бейнеге түсіп қалды

1642

Қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген. 

"Түрлі дене жарақатын алды": Көкшетаудағы түнгі клубта қыздар төбелесі бейнеге түсіп қалды Фото: бейнеден скриншот polisia.kz

Ақмола облысының полицейлері түнгі клубта жұлысқан қыздарға қатысты істі тергеп жатыр.

Түнгі клубта болған жайтты дәрігерлер полицияға 27 жастағы қыз түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілгеннен кейін хабарлаған. Көп ұзамай полицейлер қыз қаладағы клубтардың бірінде болған жанжал кезінде жарақат алғанын анықтады. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қыздардың бірі билеп жүріп, екіншісін абайсызда итеріп жіберген.

Қыздар арасындағы ұрыс-керіс соңы қақтығысқа ұласқан. Полицейлер бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі іс-шараларды бастады.

Сондай-ақ 31 жастағы әйел де анықталды, қазір оның осы жайтқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Бұған қоса полиция қызметкерлері оқиға орнынан түсірілген видеоны жариялады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу