Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері қаланың Құрметті азаматы атанды

730

Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері Казимир Беймарт "Көкшетау қаласының Құрметті азаматы" атанды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Көкшетаудағы жалғыз соғыс ардагері қаланың Құрметті азаматы атанды

Өңірде Жеңістің 77 жылдығын мерекелеуге арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Облыс орталығында Абылай хан алаңында "Ер есімі – ел есінде!", "Бейбітшілік терезелері", "Жеңіс" музыкалық акциялары, облыстың үздік шығармашылық ұжымдарының орындауындағы "Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!" тетарландырылған қойылым ұсынылды. Онлайн-форматта "Батырлаға тағзым" акциясына да облыс тұрғындары белсенді қатысты.

Салтанатты іс-шара аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың қатысуымен Талғат Бигелдинов пен Мәлік Ғабдуллиннің 100 жылдығына арналған "Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды" атты екінші дүниежүзілік соғыс батырларының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Онда аймақ басшысы қазақстандықтардың, оның ішінде ақмолалықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесін ерекше атап өтті. Жалпы 71 ақмолалық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған.

"Көкшетауда қалған жалғыз соғыс ардагері Казимир Беймартқа салтанатты түрде "Көкшетау қаласының Құрметті азаматы" атағы берілді", – деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысынан майданға 90 мың адам қатысты, 37 мыңнан астам адам оралды. Қазіргі таңда облыста 10 соғыс ардагері тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу