Көкшетаудың алып зауыты оңтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырды

1136

Көкшетаудың алып зауыты оңтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырды

Бүгін Ақмол облысының орталығында орналасқан "Новопэк" зауыты оңтүстік тұрғындарын жұмысқа шақырды. Полимерлі қаптама шығаратын компания 600-ден аса жұмысшы қабылдамақ. Өз саласында көшбасшы саналатын өндіріс кешенінде қазір де 600 адам жұмыс істейді. Компания басшылығы енді осыншама адам тағы келетін болса, оларға барлық жағдайды жасаймыз деп отыр.

Зауытқа негізінен машинистер, операторлар және тігіншілер қажет. Келген жұмысшыларды алдымен арнайы курстарда оқытып, ол кезеңге 40 мың теңгеден стипендия төлеу көзделген. Одан кейін жалақылары 80-150 мың теңгенің аралығында болады. Зауыт қожайындары жұмысшыларды отбасыларымен келсе де қабылдаймыз деп отыр. Алдағы уақытта оларға қала аумағынан үй іргелік жер бөлу мәселесі де қаралуда екен.

Ербол Садыр, облыс әкімінің орынбасары: "Ұсыныс білдірген азаматтарды сол арнайы мамандықтар бойынша оқытып, ары қарай жұмысқа орналастырып, одан кейін сол жерде жатақханасы бар, тұрақты айлық алып, табыс табуына мүмкіншілік жасалатын болып отыр".

Айта кетейік, қазір зауытта жұмыс күшінің жетпеуі салдарынан көптеген қондырғылар тоқтап тұр. Ал егер қосымша 600 ден астам жұмысшы келсе өнімділікті екі есеге дейін арттырып, еуропа нарығына да шығуға мүмкіндік туады. Яғни, бүгінде айына 6 млн данадай қап тігілсе, оның көлемі 11 млн-ға дейін артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу