Көкшетаудың іргесінде Ботай мәдениетіне тиесілі бүтін бір қоныс жатыр

2244

Көкшетаудың іргесінде Ботай мәдениетіне тиесілі бүтін бір қоныс жатыр

Ботай мәдениеті жәдігер қоныс Көкшетау қаласы Красный Яр Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный Яр кентінің маңында Ботай мәдениетіне тиесілі бүтін бір қоныс жатыр. Бұл туралы танымал тарихшы, археолог Виктор Зайберт мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Ғалымның айтуынша, енді бұл төңіректі толық зерттеу қажет. Қазірдің өзінде осы маңайдан 1 мыңға жуық жәдігер табылған. Тәжірибелі археолог сондай-ақ Красный Ярдан жылқы мен қымыз музейін ашуды да ұсынып отыр. Себебі Ботай мәдениеті тұсында жылқы ең алғаш қолға үйретілген болатын.

Айта кетейік, Виктор Зайберт – Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы мен археологиясы бойынша 100-ден астам монография мен ғылыми мақала жазған бірден-бір зерттеуші ғалым.

"Бұл қоныстағы адамдар жылқы шаруашылығымен айналысқан. Аңшылыққа да жақын болған. Қазба жұмыстарына қаржы бөлінген соң бастаймыз. Жақында Қостанай қаласынан 200 шақырым қашықтықта Ботай мәдениетіне тиесілі тағы бір қонысты таптық. Мұндай ежелгі елді мекендер жалпы Қазақстан аумағында көптеп кездесуі мүмкін", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу