Көкшетаудың іргесіндегі ауылды су шайып кетті

691

Көкшетаудың іргесіндегі ауылды су шайып кетті

Көкшетаудың іргесіндегі ауылды су шайып,  43 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды inform.kz.

ТЖД мәліметіне жүгінсек, төтенше жағдай 11 сәуір күні таңғы 05:45 шамасында Зеренді ауданының Шағалалы ауылында болған.

"Шағалалы өзенінің суы көтеріліп, ауылдағы үйлердің ауласын су шайып кетті. Осының салдарынан 43 адам (оның ішінде 9 бала) және 154-ке жуық жануар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір су сору жұмысына ТЖД жеке құрамынан 21 адам және 9 техника мен 4 жүзу құралы, жергілікті атқарушы органдардан 3 адам және 1 техника, жергілікті полиция қызметінен 4 адам және 1 техника жұмылдырылып, су тасқынының салдарын жою шараларын жүргізіп жатыр", – дейді ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу