Көкшетаудың жеңіл атлетика манежі күрделі жөндеуден өтуде

1209

Амқола облысның әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

Көкшетаудың жеңіл атлетика манежі күрделі жөндеуден өтуде

Ең әуелі облыс әкімі жеңiл атлетика манежiнің реконструкциялау жұмысына барып, құрылысты өз көзімен көрді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жазғы маусымда мердiгерлер төбесiн, жылу жүйесiн, су құбырлары мен кәрiз желiлерiн ауыстырды. Қазiргi уақытта ғимараттың қасбетiн жөндеу 90%, iшкi жұмыстары 80% орындалды, соның iшiнде залдағы еден толық кепкеннен кейiн "Регупол" жоғары сапалы жабыны төселедi. Жалпы, ғимарат құлпырды және заман талаптарына толық сәйкес келедi.

Жеңiл атлетика манежiнен Ермек Маржықпаев бiрден жақын орналасқан объектiлерге барды. Стадионда "Оқжетпес" футбол клубының жаттығу үрдiсiмен танысты және бас бапкер Андрей Карповичпен әңгiмелесiп, команданың биылғы маусымдағы перпективасын талқылады.

Сондай-ақ өңiр басшысы "Истоки" мәдениет үйiнде балалар үйiрмелерi мен секцияларының жағдайларымен танысты. "Жастар" аллеясының жағдайын оң бағалап, облыс әкiмi қала әкiмiне келесi жылға қала тұрғындарының демалысы мен спортпен шұғылдануы үшiн жаңа орындар жоспарлауды, сондай-ақ тұрғындар арасында түсiнiктеме беру жұмыстарын белсендi жүргiзудi тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу