"Екпе салуға қарсымыз!" деп ұрандатқан жұрт таңалакеуімнен орталық алаңға жиналды. Күннің аяз болғанына қарамастан, осылайша бір топ қала тұрғыны өз ойларын ашық жеткізуге тырысты. Олар коронавирусқа қарсы вакцина салдыру науқанын мүлде қолдамайтындарын айтып отыр. Қарақұрым халықтан сескенген полицейлер наразы топтың жанынан лезде табыла кетті. Абырой болғанда, бейбіт түрде өткен жиын ың-шыңсыз аяқталды, наразылық акциясы 1 сағатқа созылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу