Кокстан белсендірілген көмір өндіріледі

1498

Кокстан белсендірілген көмір өндіріледі

2017 жылы Қарағанды облысында ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіру көзделген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұсақ арнайы кокстан белсендірілген көмір өндіруді ұйымдастыру" жобасы Энергетика министрлігінің Жол картасына енгізілді. Оны жүзеге асыруға 40 млн теңгеге жуық қаржы салынды. 2017 жылдың тамызына қарай осы өнімнің өндірісі үшін тәжірибелік-өнеркәсіптік құрылғыны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оның қуаттылығы - жылына 1000 тоннаға дейін болады.

Әкімдік хабарлағандай, өткізу нарығы бар. Қазақстанда көмір тұтыну жылына шамамен 3000 тоннаны құрайды. Өнім негізінен алтын өндірісінде қолданылады. Жоба импортты алмастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу