Көксу ауданында 13 отбасы баспаналы болды

689

Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 123 миллион 750 мың теңге қаражат бөлініпті.

Көксу ауданында 13 отбасы баспаналы болды

Астана күні қарсаңында Алматы облысының Көксу ауданында 13 көпбалалы отбасы баспаналы болды. Өңірдегі Балпық би, Мұқаншы, Айнабұлақ, Еңбекші ауылдық округтерінде тұратын әулеттердің қуанышына аудан әкімі Алмас Әділ ортақтасты, деп хабарлайды egemen.kz.

Көпбалалы отбасыларға берілген тұрғын үйлер "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынған екен. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 123 миллион 750 мың теңге қаражат бөлініпті.

"Мемлекет тарапынан бөлінген қаражатқа 21 тұрғын үй сатып алу көзделген еді. Оның 13-ін тапсырдық. Енді тамыз айының соңына қарай қалған 8 пәтерді сатып аламыз. Одан бөлек, ауданда 50, 30 пәтерлі үйдің құрылысы аяқталып, қазан-қараша айларында табысталады. Ол үйден де  30-40 пәтер көпбалалы отбасына берілмек", – дейді Көксу ауданының әкімі Алмас Әділ.

Жалпы, Көксу ауданында 936 көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 634 ана Алтын және  Күміс алқа иегерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу