"Көксу" қант зауытының диқандарға берешегі 600 миллион теңгеден асқан

1511

Ал облыстағы Шеңгелді ауылы шаруаларына 78 млн теңге қарыз.

"Көксу" қант зауытының диқандарға берешегі 600 миллион теңгеден асқан

Қант қызылшасын өсірумен айналысатындар өздеріне тиесілі қаражатқа 4 айдан бері қол жеткізе алмай жүр. Шаруа қожалықтары көктемгі егіс науқаны басталар тұста дайындықсыз отыр, деп хабарлайды КТК.

Алматы облысы Шеңгелді ауылының шаруа қожалықтары былтыр қант қызылшасын өсіріп, 15 мың тонна өнімді зауытқа өткізген екен. Зауыт оларға тиісті ақшасын бермеген. Қызылша егетіндер былтыр әрқайсысы тыңайтқышты 13 млн теңгеден қарызға алған. 

Зауыт уәде еткен ақпаннан ауып, наурыздың ортасына жетті. Әсіресе, тұқым бағасы шарықтап барады. Германиядан жеткізілетін өнімнің құны еуромен есептеледі. 1 қорабы – 60 мың теңге, 1 гектар аумаққа себіледі.

"Алматы облысында көктемгі егістік жұмыстары сәуір айында басталады. Демек, ол уақыт науқан басталғанға дейін зауыт тарапынан бүкіл қарыздар төленіп бітеді. Жоспар бойынша осы айдың аяғына дейін толық төлем жасалуы керек", – деп сендіреді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.

Жалпы "Көксу" қант зауытының облыстағы диқандарға берешегі 600 млн теңгеден асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу