Синоптиктер болжамына сәйкес, антициклон сілемінің әсерінен ҚР көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен түнде республиканың батысында, солтүстік-батысында қар, күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Елдің солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшейеді. Жетісу облысындағы Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан соғатын екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан да көп жел күтіледі", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу