Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді

340

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Көктайғақ: елордада травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді Фото: Green Clinic

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты (жауын, көктайғақ) травматологиялық пункт жедел сапалы көмекті қамтамасыз етіп, жоспарлы хирургиялық көмек көрсету қызметін күшейтілген режимге өзгертті.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламасы елорда тұрғындарын мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, жалпақ аяқ киім киюді кеңес береді. Жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне жүгіну қажет.

Сонымен қатар, әсіресе балалар мен зейнет жасындағы тұрғындарға шұғыл қажеттілік болмаған жағдайда, үйден шықпауы қажет. Травматологиялық науқастарға тұрғылықты жеріне қарамастан тәулік бойы алғашқы медициналық көмек көрсетіледі.

Травматологиялық пункт дәрігерлері аурухананың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгінде №4, 5, 6, 7, 9 10 қалалық емханаларында сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шұғыл 4-санаттағы балаларға арналған медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бөлімшелері жұмыс істейді.

9 қараша күні №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылған болатын. Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Айта кетейік, Астанада көктайғақты болдырмас үшін жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасы себіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу