Жол апатынан қаза тапқандар жоқ. Жарақат алғандардың барлығы алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Жол сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және сақ болуды ескертеді.
"Жүргізушілерге апатты болдырмау үшін ауа-райына сәйкес жылдамдық режимін таңдап, белгіленген қашықтықты сақтауды ескертеміз. Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Жол апаттарының алдын алу үшін көлікті қысқы дөңгелектермен жабдықтау қажет", делінген хабарламада.
Еске сала кетек, бұған дейін Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше тас жолдың жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Жол апаты, көйтайғақ, Маңғыстау