Көктайғақ: Республикалық маңызы бар тасжолдардың 21 учаскесіне шектеу енгізілді

285

Бес өңірінде республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды.

Көктайғақ: Республикалық маңызы бар тасжолдардың 21 учаскесіне шектеу енгізілді Фото: inbusiness.kz

"ҚазАвтоЖол" қолайсыз ауа райына байланысты жабылған жол учаскелері тізімін толықтырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақмола облысында тұман, көктайғақ болуына, айналаның көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты тас жолдардың 6 учаскесі жабылды:

"Астана-Петропавл" тас жолы, 18-234 км, Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін ("КАЖсервис" ЖШС қызмет көрсететін ақылы аумақ) – 216 км.

"Астана-Ерейментау-Шідерті" тас жолы, 16-200 км, Астана қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін – 184 км.

"Екатеринбург - Алматы" тас жолы, 1292-1353 км, Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін – 61 км.

"Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолы, 232-260 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);

"Жезқазған-Петропавл" тас жолы, 377-552 км (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған кентіне дейін);

"Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолы, 0-82 км (Жақсы ауылынан Бұзылық ауылына дейін).

Ақтөбе облысында 4 жол учаскесі жабылды:

Самара-Шымкент, 526-610 км, Батыс Қазақстан облысының шекарасынан Қобда ауылына дейін.
Самара-Шымкент, 776-844 км, Ақтөбе қаласы – Хромтау қаласы.
Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-234 км, Қарабұтақ учаскесінен Қостанай облысының шекарасына дейін.
Самара-Шымкент, 844-1153 км, Хромтау қаласынан Ырғыз ауылына дейін.

Жетісу облысында "Үшарал-Достық" тас жолы, 84-184 км, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі учаске жабық.

Батыс Қазақстан облысында "Самара-Шымкент" тас жолы, 393-526 км, Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін жабық.

Қостанай облысында 9 жол учаскесі жабық:

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 218-232 км, Октябрьское уч. С. - Ақмола облысының шекарасы.
Жезқазған – Петропавл, 339-377 км, Арқалық уч. қ. - Ақмола облысының шекарасы.

Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный-Қостанай, 234-386 км, Ақтөбе облысының шекарасынан Денисовка кентіне дейінгі учаске.

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 108-218 км, Әулиекөл ауылынан Октябрь ауылына дейін;

Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 7-108 км, Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін;

Екатеринбург – Алматы, 556-686 км, Тобыл қаласынан Сарыкөл ауылына дейін;

Екатеринбург-Алматы, 418-539 км, Қарабалық ауылынан Қостанай қаласына дейін;

Мамлүт-Қостанай, 250-404 км, Тобыл қаласынан Ұзынкөл ауылына дейін;

Қарабұтақ-Комсомольское – Денисовка – Рудный – Қостанай, 386-503 км, Рудный қаласынан Денисовка ауылына дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу