Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті республикалық маңызы бар екі тас жолдың учаскелерінде көлік қозғалысының жабылғаны туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"25-ші желтоқсан күні сағат 09:30-дан бастап ауа-райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) Республикалық маңызы бар "Астана - Петропавл, 18-234 км" тас жолында көлік құралдарының барлық түрлеріне арналған "Астана-Щучинск" учаскесі жабылды", - деп хабарлайды Астана ТЖД ресми Telegram-каналы.
Сондай-ақ, бүгін сағат 10:00-ден бастап көктайғаққа байланысты "Астана-Ерейментау-Шідерті 16-200 шақырым" республикалық тас жолында, "Астана - Павлодар облысының шекарасы" учаскесінде көліктің барлық түрі бойынша қозғалыс жабылды.