Көктайғақ салдарынан жарақат алған 14 адам ауруханаға жатқызылды

1254

Павлодар облысында травмотологиялық бөлімге жүгінген тұрғындар көп.

Көктайғақ салдарынан жарақат алған 14 адам ауруханаға жатқызылды

Соңғы бірнеше күн дересінде облыс аумағындағы ауа райы құбылмалы болып тұр. Соның салдарынан жаяу жүргіншілер жолы көктайғаққа айналып, тұрғындар түрлі жарақат алуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Мысалы, №1 Павлодар қалалық ауруханасындағы травмотологиялық бөлімге желтоқсанның алғашқы 10 күнінде 225 адам жүгінді.

"Көктайғақ салдарынан құлаған тұрғындардың 149-ы түрлі дене жарақатын алған. Олардың 14-ін ауруханаға жатқызуға тура келді", – деп хабарлайды аурухана басшылығы.

Дәрігерлердің сөзінше, көктайғақта құлағандардың көп жағдайда табан буыны, тобығы, білек сүйегі сынады. Сондықтан тұрғындарға барынша сақ болу қажеттігін еске салып, абай болуды өтінді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу