Көктайғаққа байланысты екі облыста жолдар жабық

139

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" компаниясы хабарлады.  

Көктайғаққа байланысты екі облыста жолдар жабық Фото: t.me/qazavtojol

Қарағанды және Ақмола облыстарында көктайғаққа байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық:

Ақмола облысы:

  • Жібек Жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы.

Қарағанды облысы:

  • Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті. 

"Қазгидромет" 16 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктер кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жауатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу