Көктайғаққа байланысты ШҚО мен Қарағанды облыстарында қозғалыс шектелді

282

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Көктайғаққа байланысты ШҚО мен Қарағанды облыстарында қозғалыс шектелді Фото: noks.kz

Қолайсыз ауа райы қар мен көктайғаққа байланысты республикалық маңызы бар 4 және облыстық маңызы бар 1 автожол учаскесінде көлік қозғалысы жабылып, шектеулер енгізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ШҚО:

  • "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Қатонқарағай – Рахман қайнары";
  • "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы";
  • "Өскемен – Тарғын – Самарское".

ШҚО және Қарағанды облысы:

  • "Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы";
  • "Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз".

ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, енгізілген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу