"Көктем-2023": су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар пысықталды

670

Бұл туралы  inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Көктем-2023": су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою бойынша іс-шаралар пысықталды Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Екі күн ішінде республика аумағында "Көктем-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша іс-шаралар өткізілді.

Оқу-жаттығу су тасқыны кезеңі жағдайында азаматтық қорғау органдарының лауазымды тұлғалары мен құрама жетекшілерінің авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдіру мақсатында өткізілді.

Барлық өңірлерде төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның, азаматтық қорғау қызметтерінің басшыларының отырыстары өткізілді; су тасқыны кезеңiнде төтенше жағдайларды жою жөнiндегi практикалық iс-шараларды әзiрлей отырып, авариялық-құтқару қызметтерi құрамаларының және әскери қолбасшылық бөлiмшелерiнiң дайындығына шолу жасаланды.

Оқу-жаттығудың екінші күні, 3 наурызда "Көктем-2023" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырумен тәжірибелік сабақтар жалғасты.

ТЖ жөніндегі вице-министр Марат Күлдіков Қарағанды қаласында су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға тексеру жүргізді.

Оқу-жаттығу соңында республикалық қызметтер мен өңірлердің су тасқынына дайындығы және оқу-жаттығу барысында атқарылған іс-шаралар туралы тыңдалды.

ТЖ жөніндегі Вице-министр барлық атқарушы органдарға су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуді күшейтуді, тұрғын үй қорын тасқын және еріген жаңбыр суларының қауіпті әсерінен қорғау, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін, су өткізу құрылыстарының дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ Марат Күлдіков су қоймаларынан ағызуды тиімді реттеуді, су тасқыны қаупі төнген жағдайда жағдайды бақылауды және болжауды тапсырды.

Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша ақпарат ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарына жіберіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу