Көктемде Алматы қаласының бірыңғай дизайн коды таныстырылады

Бұл туралы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Көктемде Алматы қаласының бірыңғай дизайн коды таныстырылады Фото: egemen.kz

Кездесуде аудан тұрғыны "үйлердің қасбеттерін әдемі безендіруге мүмкіндік беретін бағдарлама бар ма?" деп сұрады.

"Біз қазір біртұтас қаланың дизайн код әзірлеу үстіндеміз. Осы бағдарлама аясында үйлердің дизайны, қасбеттерге арнайы жұмыстар қарастырылады. Тұрғындардың жобаны белсенді түрде қолдауы маңызды. Көктемде Алматының дизайн кодын ұсынуға дайын боламыз", – деді қала әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу