2023 жылдың көктемінде 10 мыңнан астам, оның ішінде "Жасыл аула" науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, ағаш отырғызу жоспарланған.
Қала тұрғындарына барлығы 2638 ағаш көшеттері беріледі. Шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттері 1,2 және 8,9 сәуірге жоспарланған. Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттелген.
Жалпы ағаш отырғызу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Негізгі ағаш отырғызу науқаны күз кезінде жүзеге асырылады, биыл күзде 300 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Көпшілік ағаштар Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу