Көктемде Астана – Самарқанд жаңа әуе бағыты іске қосылмақ

144

2025 жылғы 1 мамырдан бастап QAZAQ AIR әуе компаниясы Астанадан Самарқандқа жаңа бағыт ашады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көктемде Астана – Самарқанд жаңа әуе бағыты іске қосылмақ Фото: canva.com

Бұл бағыт Түркістан арқылы ыңғайлы транзитпен жүзеге асырылады. Енді жолаушылар әлемнің ең көне қалаларының біріне саяхаттаумен қатар, Қазақстанның рухани әрі тарихи орталығы Түркістанда уақыт өткізе алады.

Астана-Самарқанд әуе рейсі аптасына екі рет әр бейсенбі және жексенбі орындалады.

Рейстер кестесі келесідей:
• Бейсенбі:
IQ369 Астана 16:15 – Самарқанд 20:00
IQ510 Самарқанд 21:00 – Астана 01:30

• Жексенбі:
IQ369 Астана 07:25 – Самарқанд 11:00
IQ510 Самарқанд 12:00 – Астана 15:30

Сонымен қатар апта сайын әр бейсенбі және жексенбі күндері Түркістан-Самарқанд әуе рейсі орындалады.

Бейсенбі:

Түркістан 19:10 – Самарқанд 20:00
Самарқанд 21:00 – Түркістан 21:50

Жексенбі:
Түркістан 10:10 – Самарқанд 11:00
Самарқанд 12:00 – Түркістан 13:00

Қазақстандық QAZAQ AIR әуе компаниясы канадалық De-Havilland Dash 8-Q400 ұшақтарын қолданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу