Көктемде енгізілген карантинмен қазіргі режимнің қандай айырмашылығы бар?

713

Шектеу шараларына бұзғандарды жазалау жолдарын заңгерлердің өздері ұзақ талқылаған.  

Көктемде енгізілген карантинмен қазіргі режимнің қандай айырмашылығы бар?

Әділет министрі Марат Бекетаев көпшілікті осы сауал толғандырғанын айтады. Оның сөзінше тіпті заңгерлердің өздері талаптарды бұзғандарға жаза тағайындау бойынша ұзақ пікір таласқа түскен. Нәтижесінде бұл жолы жаза Әкімшілік кодекстің 425 бабы бойынша тағайындалады деген шешім қабылдаған.

"Көктемде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476 бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша жауапқа тартсақ, қазір 425 бап (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын, сондай-ақ гигиеналық заңнама талаптарын бұзу) қолданылады. Бұл ретте заңгерлер арасында біраз талқылау болды. Мұндағы басты мәселе карантин алғаш енгізілгенде аталған талаптар үшін заңнамалық тұрғыда жауапкершілік көзделген жоқ. Тек 5 шілде күні Денсаулық сақтау министрі нақты санитарлық ережелерді бекіткеннен кейін барлығы айқын болды", – деді Марат Бекетаев.

Сонымен қатар ол карантин талабын бұзу бойынша Әкімшілік кодекстің 425 бабына ұқсас 462 бабы барын еске салды. Алайда оның негізінде жауапқа тарту үшін санитарлық қызметтің ұйғарымы керек.

"Егер санитарлық тексеріс барысында санитар дәрігер қандайда бір тәртіп жұзушылықты байқап, ұйғарым шығарса, уақыт өте келе бұл заң бұзушылықтар түзетілмесе осы бап бойынша әкімішілік жаза тағайындалады", – деді министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу