Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылатыны белгілі болды

942

Оларға SMS-хабарлама және мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданады.

Көктемде қанша қазақстандық әскерге шақырылатыны белгілі болды

Биыл 1 наурыздан бастап 17 мыңнан аса қазақстандық әскерге шақырылады. Бұл туралы Қарулы күштер Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің басшысы Сәкен Жүсіпов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап жергілікті атқарушы органдардың әскерге шақыру пунктерінде әкім орынбасарының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары жұмысын бастайды.

"1 шілдеге дейін Қарулы күштер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі мен Ұлттық ұлан қатарын 17 мыңнан аса әскерге шақырылушы толықтырады", - деді Сәкен Жүсіпов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Ол қолданыстағы заңға сәйкес, 18 жастан 27 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары мерзімді әскери қызметке шақырылатынын атап өтті.

Cондай-ақ Сәкен Жүсіпов әскерге шақырылған қазақстандықтарға
SMS-хабарлама және мекенжайына жеке шақыру қағазы жолданатынын жеткізді. 

Жас сарбаздар коронавирусқа қарсы ПТР-тесті 2 рет тапсырады. Біріншісі, әскерге шақыру кезінде (жиын пунктерінде), екіншісі әскери бөлімге келген кезде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу