Көктемде көкөніс бағасы қалай құбылатыны белгілі болды

151

Спикер Үкімет бағаның күрт өсуіне жол бермеуді мақсат етіп отырғанын айтты.   

Көктемде көкөніс бағасы қалай құбылатыны белгілі болды Фото: canva

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов көктемде көкөніс бағасы қандай болуы мүмкін деген сауалға пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Вице-министрдің сөзінше, ақпан айында тұрақтандыру қорларындағы көкөніс тобы бойынша қордың 70%-ы босатылады, ал 30%-ы наурызда нарыққа шығарылады.

"Маусымаралық кезеңде, яғни наурыз-сәуір айларында көкөніс өнімдері басқа елдерден импортталатыны белгілі. Қазір біз бағаның күрт өсуіне жол бермес үшін шетелдік жеткізушілермен тікелей келісімшарттарды пысықтап жатырмыз. Тікелей жеткізілім делдалдарды алып тастайды, осылайша импорттық өнім қымбатқа түспейді. Дегенмен кейбір тауарлар бойынша баға 1% шамасында өсім болуы мүмкін. Импорт болады, бірақ былтырғыдай көлемде болмайды", – деді вице-министр.

Азат Сұлтанов былтырғы өнімнен қалған картоп бағасы 500-600 теңге болмайтынына сенімді. 

"Меніңше, оның бағасы 200 теңге маңайында болады", – деп жауап берді ол.

Спикер көкөніс түрлерінің ішінде премиум санаттағы өнімдер де бар екенін жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Үкіметтің негізгі мақсаты бағаның күрт өсуіне жол бермеу деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу