Көктемде үйін су алған 6 отбасы әлі баспанасына орала алмай отыр

724

Семейде тасқыннан зардап шеккен 15 адам әлі жатақханада тұрып келеді.

Көктемде үйін су алған 6 отбасы әлі баспанасына орала алмай отыр

Көктемде үйін су басқан семейлік 15 адам әлі баспанасына орала алмай отыр. 15 адам – 6 отбасы. Қазір судан зардап тартқандарға уақытша берілген Электротехника  колледжінің жатақханасын мекендеп жатыр, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Тасқын кезінде Мир және Кемежай мөлтек аудандарындағы – 205 үйді, Бобровка кентіндегі  134 үйді су шайып кеткен еді.  500-ден астам адам эвакуациялық пункттерге бөлінген болатын.  Кейіннен "Асыл", "Парыз" сынды қайырымдылық қорларының арқасында Бобровка кентінің үйлері қалпына келтірілген. Ал жоғарыдағы екі ауданның шығынын толтыру үшін мемлекеттік бюджеттен 287 миллион теңге қаражат қарастырылған.

Жуықта Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерімен өткен баспасөз жиынында бұл шаруаның аяқталып қалғандығы айтылды.

"Жұмыс жүргізіліп жатыр. Мемлекеттік бюджеттен қарастырылған 287 миллионның игерілмеген 55 миллион теңгесі қалды. Құрылған комиссия үйлерді аралап, хаттама толтырып жүр", – деді ТҮКШ бөлімінің өкілі Светлана Заурбекова.

Жиында жөндеусіз қалған 10 үйдің де жайы сөз болды.

"10 отбасы жаңа баспанаға көшірілді. Ал ескі үйлер сүріледі. Содан кейін барып басқа жұмыстарды қолға аламыз", – деген ТҮКШ бөлімінің жетекшісі Амантай Өтелбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу