Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек елорда көшелерін су шаю мәселесі қалай шешіліп жатқанына түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Нөсерлі кәріз мәселелеріне келсек, 2019 жылы қалада 245 проблемалы су басу учаскелері болды. Нөсерлі кәріз жүйелерін салу және қолданыстағы тазарту құрылғылары мен коллекторларды тазартып, қайта жаңғырту арқылы қазіргі таңда тек 4 учаскенің мәселесін шешу қалды. Өткен маусымдағы ең проблемалы учаскелер Тұран даңғылы мен Триумф аркасының ауданы болды. Мұнда біз қысымды және ағынды коллекторларды кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, ал келесі жылы жаңа тазарту құрылғыларының құрылысын бастаймыз. Көктемде үлкен су басулар болмауы тиіс", – деді Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Әкімнің сөзінше, қала өсіп жатыр.
"Былтыр болған проблемалық учаскелерде келесі жылы мұндай мәселе болмауы керек", – деді Астана қаласының әкімі.