Көктемгі егін егу науқаны аяқталуға жақын қалды

1221

Көктемгі егін егу науқаны аяқталуға жақын қалды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі егін егу науқаны аяқталуға жақын. Биыл облыста жалпы аумағы 1 миллион 320 мың гектар жерге дәнді және майлы дақылдардың тұқымы себіледі. Қазір шаруалар қарақұмық егумен айналысуда. Бұл дақылды ең көп өсіретін өңірдің бірі – Зырян ауданы. Көктемі кеш шығып, климаты қиындау болса да, мұндағы шаруалар қарақұмықтан жыл сайын жақсы өнім алады. Жаңа техникамен жұмыс істегендері де істің ілгері басуына оң әсерін тигізіп тұр. Қазір ауданда барлығы 50-ден астам заманауи егін егу кешені бар. Сонымен қатар, аудандағы диқандар бидай, күнбағыс, зығыр және рапс та егеді. Былтыр бұл дақылдардан жиналған өнімнің бір бөлігі Сингапурғада экспортталған. Жалпы, биыл Шығыс Қазақстан, өткен жылмен салыстырғанда, егістік алқаптардың көлемін 20 мың гектарға көбейткен.

"Қарақұмықтың бір гектарынан жыл сайын 30 центнерге дейін өнім аламыз. Бұл дақылды өсіруді әбден үйреніп алдық. Жұмысымызда қиындық жоқ. Ескі техника болса, әрине егін ору науқанында біраз қиналар едік. Бірақ біз шетелдік комбайндармен жинаймыз. Сондықтан да қарақұмықты молынан егеміз", - дейді шаруа қожалығының жетекшісі Жанатбек Бұғыбаев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу